ШҚО-да 12 конфессияны қамтитын 152 діни бірлестік тіркелген

Облыс әкімдігі мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ете отырып, конфессияаралық келісімді нығайту, Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасы нормаларының орындалуын бақылау, Шығыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, сонымен қатар діни экстремизм мен терроризмнің (оның ішінде интернет кеңістігінде) алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО дін істері басқармасының басшысы Жанат Мекеева мәлім етті.
– 2024 жылғы мамырдағы жағдай бойынша облыс аумағында 12 конфессияны қамтитын 152 діни бірлестік тіркелген (83 – ислам, 26 – православие, 1 – католиктер, 35 – протестанттар, 4 – Ехоба Куәгерлері, 1 – Жаңа апостолдық шіркеу, 1 – Кришна сана қоғамы, 1– иудейлік).148 ғибадат ғимараты жұмыс істейді (83 мешіт, 25 православие храмы, 1 католик шіркеуі, 32 протестанттық ғибадат үйі, 4 Иегова куәгерлерінің ғибадат үйі, 1 Жаңа апостолдық шіркеу, 1 синагога, 1 “Кришна сана қоғамы” ДБ-нің ғибадатханасы). Діни ғимараттар/құрылыстардан тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған 20 үй-жай (5 намазхана және 15 православие шіркеуі), – деді басқарма басшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *