ҚР «Мемлекетті статистика туралы» Заңына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 6 сәуірдегі № 71-VIII ҚРЗ Заңымен Қазақстан Республикасының «Мемлекетті статистика туралы» Заңына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ерназ Нұрланов мәлім етті.
– 12-1-бабында (Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау) әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау осы бапқа сәйкес қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылатыны көрсетілген, – деді Ерназ Нұрланов.
Брифинг барысында ҚР СЖРА ҰСБ ШҚО бойынша департаменті Заң басқармасының басшысы Ержан Сейлханов қашықтан бақылау уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері ресми дереккөздерден алған әкімшілік деректерді мониторингтеу, талдау, сапасын бағалау және салыстыру арқылы әкімшілік дереккөзге бармай тұрақты негізде жүргізілетінін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *