Алтай ауданында сүт өндіру көлемі 45 пайызға артатын болады

Сүтті мал шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында «Мойылды Байқоңыр» ЖШС Полянское ауылында 1000 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу жөніндегі жобаны іске асыруда. Аталмыш жоба аясында сүт өндіру көлемі 6500 тоннаға ұлғаяды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев мәлім етті.
– Осы жобаның бастамасымен Тұрғысын ауылында 1000 басқа арналған ұқсас сүт-тауар фермасын салу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар өткен жылы «Средигорненский-2» ЖШС Сименталь тұқымды Германиядан 96 бас сүт бағытындағы ІҚМ сатып алды. Ағымдағы жылы сауын табынын одан әрі ұлғайту және жабдық сатып алу жоспарлануда, – деді аудан басшысы.
Аталған жобаларды іске асыру 200-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға және сүт беру көлемін 45% арттыруға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *