ШҚО-да жаз мезгілінде жаппай демалуға арналған 22 учаске анықталды

Өңірлік коммуникациялар өткен брифингте ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы жазғы кезеңде облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес облыс бойынша жаппай демалуға арналған 22 учаске анықталғанын айтты.
Бұл учаскелерде 1 муниципалды (Ұлан ауданы), 5 коммуналдық (Өскемен қаласы-2, Риддер қаласы – 1, Алтай ауданы – 2) және 4 жеке жағажай (Ұлан ауданы) жұмыс істейді.
– Облыстық мәслихат сессиясының шешімімен шомылуға тыйым салынған 74 орын және шағын көлемді кемелерде жүзуге тыйым салынған 29 орын анықталды, – деді Қуатбек Кенжебекұлы.
Өткен жылдың шомылу кезеңін талдауға сәйкес, аймақтағы өлімнің негізгі себебі шомылу кезінде өз күштерін бағаламау болды. Барлығы 6 адам суға батып кетті, барлық жағдайлар шомылуға жабдықталмаған жерлерде тіркелді. Бұқтырма су қоймасының аумағында 3 адам, Зайсан көлінде 2 адам, Глубочанка өзенінде 1 адам суға батып кетті. Брифингке қатысқан басқарма басшысының орынбасары осылай деді.
– Ағымдағы жылы шомылу маусымы басталғанға дейін жағажайлардың түбін тексеру (осы жұмыстарды жүргізуге 5 сұраным келіп түсті), арнайы қалтқылар, ескерту белгілері, үгіт стендтерін қою жұмыстары жүргізілетін болады, – деді Қуатбек Кенжебекұлы.
Брифинг соңында ШҚО ТЖД құтқарушысы Талант Құдикенов құтқару жұмыстары қалай жүргізілетінін көрсеткенін атап өткен жөн.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *