Биыл Зайсан ауданына 7 млрд. 110 млн.теңге көлемінде инвестиция тартылды

Зайсан ауданы экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығында ағымдағы жылдың төрт айында 7 млрд. 755 млн. теңгенің ішкі жалпы өнімі өндірілді. Аталмыш көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 7,3 пайызға артты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Нұрғайни Қабидолдина мәлім етті.
Биылғы жылдың төрт айында 7 млрд. 110 млн.теңгенің инвестициясы тартылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,8 есеге артық. Оның ішінде 6 млрд. 812 млн.теңгенің жеке инвестициясы тартылып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5,6 есеге артты. Брифингке қатысқан аудан әкімінің орынбасары осылай деді.
– Қазіргі уақытта, өткен күз бен қыстың қиыншылықтарына қарамастан шаруа қожалықтарымыз қыстаманы жақсы өткізіп, көктемгі егіс науқанына кірісіп жатыр. Ауданда қазір 90 064 бас ірі-қара, 99 051 бас қой-ешкі, 47 250 бас жылқы бар, – деді Нұрғайни Қабидолдина.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *