Күршім ауданында өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 1 млрд. 915 млн. 8 мың теңгені құрап отыр

Күршім ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 млрд. 182 млн. 700 мың теңгені, өсу қарқыны – 40,2%, нақты көлем индексі – 31,3% құрады (2023 жылы – 5 млрд. 431 млн. 500 мың теңге) құрап отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Күршім ауданы әкімінің орынбасары Мейржан Альбеков мәлім етті.
– Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 1 млрд. 915 млн. 8 мың теңге, өсу қарқыны 52,4%, нақты көлем индексі 42,7% құрады (2023 – 3 млрд. 655 млн. 600 мың теңге). Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4 млрд. 210 млн. теңгені, өсу қарқыны – 119,3%, нақты көлем индексі – 114,0% құрады (2023 жылы – 3 млрд. 529 млн. 300 мың теңге), – деді Мейржан Альбеков.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *