Шығыстықдарға қолдау

Шығыстықдарға қолдау

Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап Шығыс Қазақстан облысы аумағында, атап айтқанда, Семей және Курчатов қалалары мен Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Зайсан, Тарбағатай және Үржар аудандарында Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қолдауымен «Өз бизнесің: қадам қадаммен» жобасы жүзеге асырыла бастады. Жобаны жүзеге асырушы – «Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігі. Жобаның мақсаты – кәсіпкерлікпен айналысуды енді бастаған немесе бизнес жүргізуге ниетті тұрғындарды кәсіпкерлікпен айналысуға үйрету, сол арқылы өңір тұрғындарының бизнес бастамаларын қолдау және аймақтағы кәсіпкерлік белсенділікті арттыру. Жоба АҚШ Қазақстан Республикасындағы елшілігінің шағын гранттар бағдарламасы аясында қаржыландырылуда.
Жобаның негізгі міндеттерінің бірі – қазақ тілді ауылды жерлерде тұрғындарға кәсіпкерлікті бастау және дамыту сұрақтары бойынша білікті ақпарат беру және оқыту жұмыстарын ұйымдастыру. Осы мақсатта, жобаны жүзеге асыру жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың тамыз және қыркүйек айларында Семей және Курчатов қалалары, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Зайсан, Тарбағатай және Үржар аудандарында тұрғындарды кәсіпкерлік негіздеріне үйретуге бағытталған оқыту семинарлары мен практикумдары өткізілді. Үш күндік семинар-тренингтерге 200-ден астам кәсіпкерлер мен өз кәсібін ашам деуші сол елді-мекен тұрғындары қатысты.
Оқыту семинарлары барысында келесі тақырыптар қамтылды:
– кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру негіздері,
– нарықты талдау,
– ұжымды басқару,
– іскерлік қарым-қатынас,
– кәсіпкерлік саласын реттейтін заңнама және шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері,
– жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік тіркеу
– бизнес жоспар құру,
– бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары,
– мемлекеттік және басқа да сатып алуға қатысу.

Шығыстықдарға қолдау
Аталған семинар-тренингтерді Мамырбеов Арафат, Байғазинов Жанат, Жәнібеков Мақсат және Қайырбекұлы Айдын сынды білікті мамандар мен кәсіпкерлер жүргізді.
Оқыту семинарларына кәсіпкерлікпен айналысуды жаңа бастаған немесе бизнес жүргізуге ниетті 18 мен 40 жас аралығындағы тұрғындар қатыса алды (әр ауданда кемінде 25 адамнан).
Оқытуды тәмамдаған тұрғындарға кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу, шағын және орта бизнес субъектілерін ашу және алға жылжыту, бизнес субъектілерін мемлекеттік бағдарламалар аясында несиелеу сұрақтары бойынша консультативтік және ресурстық қолдау көрсетілетін болады.
Бұдан басқа, жоба аясында, Семей қаласында ауылды жер тұрғындарының бизнес бастамаларына қолдау көрсететін ақпараттық ресурстық орталық жұмысы ұйымдастырылады. Әр ауданда жаңадан ашылған кәсіпкерлік субъектілерімен жұмыс жасайтын менторлар дайындалады.
Қосымша сұрақтар бойынша мына байланыс көздері арқылы ала аласыздар: +77054655506, e-mail: moo.salauat@gmail.com, @salauat_semey, #salauatwithus.
Мекен-жайымыз: Семей қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 21.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *