Өскемендік волонтерлар блок бекеттерде тұрған адамдарға шай мен бауырсақтарды ұсынды

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты 2 сәуірден бастап Өскемен мен Семей қалаларына кіру-шығу жолдары жабылып, блок бекеттер қойылды.

Құқық қорғау органдары мен медицина саласының мамандарына, сондай-ақ әскери қызметкерлердің мойынына үлкен жауапкершілік жүктелді.

Оларға қолдау көрсету мақсатында шығысқазақстандық жастар

“Жылу сыйла” акциясын ұйымдастырды. Сөйтіп, 15 волонтер блок бекеттерде күні-түні тынбай еңбек етіп тұрған әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ медицина саласының қызметкерлеріне ыстық шай мен бауырсақтарды ұсынды.

– Біз біргеміз! Мұндай қиын кезеңде бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек. Сондықтан да “Жылу сыйла” акциясын қолға алдық. Енді мұны Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында еңбек етіп жүрген әріптестерімізге жолдаймыз, – деді волонтер жастар.

Бұдан бөлек, шығысқазақстандық волонтерлар блок бекеттерге аялдаған жүргізушілерге коронавирустық инфекциядан сақтанудың жолдары көрсетілген жадынамаларды таратты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *