Шығыс Қазақстандықтар ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 13 мыңнан астам дайын құжатын алған

                                                    2020 жылғы 29                                                                                    сәуір Өскемен қ.

                               Шығыс Қазақстандықтар ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 13 мыңнан астам дайын құжатын алған

        Шығыс Қазақстандықтар карантин басталғалы бері ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 13 мыңнан астам дайын құжатын алып кеткен. Бұл құжаттардың басым бөлігі карантин барысында онлайн рәсімделген, қалған бөлігі – ХҚО жабылғанға дейін.

        Естеріңізге салайық, 26 наурыздан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылған болатын. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтар үшін бұдан бұрын өтініш берілген, сондай-ақ электронды форматта тапсырыс берілген қызметтер бойынша дайын құжаттарды алып кетуге болатын бірыңғай терезені іске қосты. Бұл үшін әр қала мен аудандарда бір-бір ХҚО белгіленген болатын.

        Дайын құжаттарды көбіне Шығыс Қазақстан, Түркістан, Алматы облыстарының тұрғындары алған.

        Бірыңғай терезеде берілген құжаттардың дені – АХАТ құжаттары, жүргізуші куәліктері, көліктің техникалық паспорты мен тіркеу нөмірлері, жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің құжаттары, сондай-ақ жеке куәлік пен паспорт.

        Бұл ретте, ТЖ басталғалы бері қазақстандықтар egov.kz электронды үкімет порталы мен eGovKzBot2.0 телеграм-боты және eGovMobile қосымшасы арқылы 10,5 млн жуық қызметті онлайн түрде алған.

        Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы.

        Дайын құжаттарды беруге арналған қалалық және аудандық бөлімдердің тізімін мына жерден көруге болады: gov4c.kz

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекетік корпорациясы» ШҚО

бойынша филиалының баспасөз қызметі

Заруеткызы Мөлдір

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *