Семейде карантин режимінің сақталуын тексеру жалғасуда

Семейде карантин режимінің сақталуын тексеру жалғасуда. Кәсіпкерлік бөлімінің, әкімдік және СЭС өкілдері мобильді топты құрып, азық-түлік емес дүкендерді санитарлық нормаларға сәйкестігін тексерді. Карантин кезінде дүкендерде маскалық режим енгізіліп, ішінде міндетті түрде санитайзерлер болуы тиіс. Сондай-ақ, дүкендер дымқыл тазалау жұмыстарын жүргізуі керек, ал сатушыларға күн сайын өздерінің дене қызуларын өлшеуге кеңес беріледі.

– Бүгін бізде тексеру жалғасуда. Біздің мобильді топтар дүкендерге барып, иелері санитарлық нормаларды сақтағандарын тексеріп шықты. Біз адамдар карантиннен шаршағанын түсінеміз, барлығы жаңа киімді сатып алғысы келеді, бірақ шыдамдылық қажет. Дүкендерде көп адам жиналмауы тиіс. Бұл, ең алдымен, адамдардың өздері үшін маңызды. Сондықтан да біз барлығын карантиндік шараларды сақтауға шақырамыз, -дейді қалалық мәслихаттың депутаты Дариға Даирова.

Карантиндік нормаларды бұзғаны үшін айыппұлдар жазылмайды. Тәртіп бұзушыға тек ескерту жазылады. Жалпы, рейд барысында дүкендердің көпшілігі қажетті нормаларды сақтайтыны анықталды. Өрескел бұзушылықтар жоқ.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *