Семейде коммуналдық шығын үшін берілетін 15 мың теңгеге өтінім қабылдануд

Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Светлана Заурбекованың ақпараты бойынша, төлем алуға құқығы бар адамдардың жеті санаты анықталды.

– 1,2,3 топтағы мүгедектер, ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер және жалғыз басты зейнеткерлер, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде қайтыс болған адамдардың отбасылары. Осы азаматтар бұл төлемді алуға құқылы, – дейді Светлана Заурбекова, – Бастапқыда, коммуналдық төлемдерді өтеуге құқығы бар тұлғаның жеке шоты болуы керек деп айтылған болатын. Ағымдағы жылдың 10 мамырынан бастап ережеге өзгертулер енгізілді. Енді жеке шоттар коммуналдық төлемдерді өтеуге құқығы бар адаммен бірге тұратын отбасы мүшелері үшін ресімделуі мүмкін.

Баспасөз конференциясында жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілері бөлімі басшысының орынбасары Айдар Самаев мәлімдегендей, төлем жасауға өтініш білдірген азаматтардың тізімі кеңейді. Енді коммуналдық төлемдер Ауғанстандық жауынгерлерге, Чернобыль жауынгерлеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы адал қызметі мен әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО төсбелгілерімен марапатталған адамдарға, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеп, бірақ бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және төсбелгілерімен марапатталмаған адамдарға қайтарылады. Сондай-ақ дүниеден өткен Екінші дүниежүзілік соғыс мүгедектерінің әйелдері де осындай көмек ала алады.

Өтінішті Call-орталыққа 52-12-12 нөмірі арқылы тапсыру керек.

Семей қаласынын ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *