«Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аудандардағы ашық әкімдік фронт-кеңселерінің жұмыстарына мониторинг жүргізді

Елбасының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық өңірінде сыбайлас жемқорлықты жою және халыққа қолайлы жағдай жасауға бағытталған «Adaldyq alańy» жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді.

Мемлекеттік қызметшілердің халық үшін ашықтығын және қолжетімділігін арттыру тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді тетігі болып табылады. Мемлекеттік органдар жұмысының сервистік үлгіге көшуі заман талабына сай келеді.

Осы орайда, 26-27 мамыр күндері «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, аудандық және қалалық әкімдіктердің сервистік қызметіне мониторинг жүргізу мақсатында Шемонаиха және Бородулиха аудандарындағы ашық әкімдік фронт-кеңселерінің жұмысымен танысып, әдістемелік нұсқаулар берді.

«Фронт-кеңсе ашылғаннан бері әкімдікке жүгінетін тұрғындардың саны артты. Апта сайын аудан әкімі бастаған лауазымды тұлғалар қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырып, мемлекеттік қызметтер түрлерін көрсетеміз. Қазіргі еліміздегі ахуалға байланысты қоғамдық қабылдаулар онлайн түрде жүргізіліп жатыр, карантин аяқталған соң жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылатын болады»,-дейді Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Д. Горьковой.

«Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахыттың айтуынша, мемлекеттік мекемелердің ұйымдастырушылық мәдениетін өзгертіп, «оpen space»/фронт-кеңселер форматына ауыстыру бойынша үздік көрсеткіштер Алматы облысы (260) мен Шығыс Қазақстан облысына (205) тиесілі. Өз кезегінде, Шығыс Қазақстан облысының барлық 19 аудандық және қалалық әкімдіктері сервистік қызмет көрсету моделін енгізсе, 247 ауылдық округ әкімі аппаратының тек 1-еуі (Көкпекті ауданы, Самар ауылдық округі) сервистік модельге көшкен.

«Бородулиха, Шемонаиха аудандары сервистік қызмет көрсету моделіне, «оpen space» және фронт-кеңселер форматына 2019 жылдың желтоқсанында көшкен. Бүгінгі күні фронт-кеңселердің жұмыс кестесі, жоспары бекітілген. Бірақ бұл аздық етеді, жұмысты жүйелі түрде сапалы атқарып, алдағы уақытта ашық әкімдік қағидаларын ауылдық округтерге де енгізу керектігін»,- М. Бахыт атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *