Титан өндірісінің металлургтері Елбасын мерейлі жасымен және Астана күнімен құттықтады

Өскемендегі титан-магний комбинатының іске қосылғанына 56 жыл ғана болғанына қарамастан аталмыш кәсіпорын тәуелсіздік жылдарында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Кәсіпорын дағдарысқа ұшыраған жылдары Нұрсұлтан Назарбаев қолдау көрсетті.

Бүгінде комбинат шикізатты өндіруден бас­тап қосылған құны жоғары өнімді шығаруға дейін, сатылы біріктірілген әлемнің ірі титан өндірушілерінің бірі болып табылады. Қазақстандық титан әлем бойынша әуе-ғарыш компанияларының 18%, әлем бойынша 11% құрайды.

– 1991 жылдан бастап титаннан түрлі бұйымдар жасалуда. Сондай-ақ титанды электр-сәулелі әдіспен алу қолданылады. Біздің осы күнге дейін жеткен жетістігіміз Елбасының есімімен тығыз байланысты, – деді «ӨТМК» АҚ президенті Әсем Мамутова.

Айта кетейік, 2000 жылы Елбасы «ӨТМК» АҚ-да болып, цехты өз қолымен ашты. Ал 2010 жылы Өскемен титан-магний комбинатындағы жаңа титан құймасы және қорытпа өндірісінің құрылысы барысымен танысты.

– Біз әрбір кезеңде Тұңғыш Президенттің қолдауын сезіндік. Елбасы жұмыс барысының тығыздығына қарамастан, біздің кәсіпорынның мәселелерін шешуге көмек көрсетті. Біз Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтаймыз. Зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз. Сондай-ақ еңбек ұжымының атынан Астана күнімен құттықтаймыз. Нұр-Сұлтан – қазақ қоғамының бірлігінің айғағы, – деді Әсем Мамутова.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *