«Қазақстанды қазіргідей жағдайға дейін көтергені үшін алғысымыз шексіз» – ШҚО металлургтері Елбасы жөнінде

Шығыс Қазақстандағы ірі өнеркәсіп орындарының жұмысшылары Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанды құрғаны үшін алғыстарын білдіреді.

“Қазцинк” ЖШС-нің әкімшілік сұрақтар бойынша директоры Андрей Лазарев Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында көпұлтты және бейбіт елге айналғанын атап өтті.

– Кеңес Одағы құлаған кезде әрі қарай не боларын білмедік. Алайда сол кезеңде Нұрсұлтан Назарбаев ел болашағын қолына алып, өз бағдарламасын ұсынды. Оны халық қолдады. Сенді. Содан бері біз қазақстандықтар елдегі бейбітшілік пен достықты, махаббатты бағалаймыз. Назарбаевтың жасаған ісін жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді, – деді ол.

“Қазцинк” ЖШС металлургиялық кешенінің балқытушысы Сабырбек Маулетов Андрей Лазаревтің сөзімен келіседі. Оның айтуынша, Елбасының арқасында өндіріс дамыды.

– Біз, металлургтер Тұңғыш Президентімізді құрмет тұтамыз. Ол біздің әріптесіміз. Елбасы экономиканы көтеруге ден қойып, тау металлургиясының дамуына баса назар аударды. Біз Елбасыға үлкен алғыс айтамыз, – деді Сабырбек Маулетов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *