ШҚО-да медициналық-әлеуметтік мекемелердегі қызмет алушылар және қызметкерлердің коронавирус инфекциясы бойынша науқастану мониторингі жүргізіледі

Шығыс Қазақстан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша департаментінің мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Мақсат Чукубаев «Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызмет туралы» ҚР заңдарының талаптарының сақталуын бақылаудың қортындысы және стацианарлы медициналық-әлеуметтік мекемелердегі коронавирус инфекциясына қарсы жүргізілген іс-шаралар туралы айтып берді.

Брифинг барысында бөлім басшысы ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жауапты сала мамандары 21 тексеріс жүргізгенін атап өтті. Оның ішінде 20 бекітілген тізімге сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы ҚР заңнамасын сақтау тақырыбында профилактикалық бақылау және 1 жоспардан тыс тексеріс жасалғанын айтты.

– Профилактикалық бақылау нәтижесінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында ҚР заңнамасы талаптарының 95 бұзушылығын жою бойынша 20 ұйғарым берілді, – деді Мақсат Чукубаев.

Бөлім басшысының айтуынша, жоспардан тыс тексерістің қортындысы бойынша мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында ҚР заңнамасы талаптарының 7 бұзушылығын жою туралы ұйғарым беріліп, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 84 бабы, 1 бөлімі, 1 тармақшасына сәйкес «Аягөз балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директорына лауазымды тұлға ретінде 27780 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

– Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөліміне ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты жергілікті атқарушы органның медициналық-әлеуметтік мекемелердегі қызмет алушылар және қызметкерлердің коронавирус инфекциясы бойынша науқастану мониторингі жүргізіледі, – деді Мақсат Чукубаев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *