ШҚО коронавирустан емделгендер саны бойынша екінші орында

Өткен 30 шілде күнгі көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстанда 129 науқас қауіпті індеттен емделіп шыққан. Сонымен қатар 109 тұрғын үй карантинінен шықты. 
Аймақ бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Семей және Өскемен қалаларында. Семейде 52 науқас инфекциялық бөлімнен жазылып шықса, Өскеменде 44 науқас емделген. 
Жалпы көрсеткіш бойынша аймақта 3340 науқастың 2280 жазылып шыққан. Сондай-ақ, 2888 симптомсыз науқастар арасынан 1871 үй карантинінен шықты. 
Сoronavirus2020.kz сайтының мәліметінше 30 шілде бойынша Атырау облысы бірінші орында тұрса (315 науқас), екінші орында ШҚО және үшінші орында Батыс Қазақстан облысы (189).

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *