Семейде тұрақтандыру қорының өнімдері сатыла бастады

Семей қаласының әкімдігі мен сауда кәсіпорындарының басшылары макарон, күріш және қарақұмық өнімдерін сатуға арналған 28 меморандумға қол қойды.

Азық-түлік өнімдерінің аймақтық тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес қала үшін 100 тонна макарон, 204 тонна күріш, 30 тонна қарақұмық сатып алынды.

Тауарлар белгіленген бағамен сатылады, атап айтсақ: макарон килограм үшін 194 теңге, күріш – 281 теңге, қарақұмық – 290 теңге. Кәсіпкерлік бөлімінде айтылғандай, бұл қадам әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның негізсіз өсуін болдырмауға мүмкіндік береді.

Семей қаласының акпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *