Нұр-Сұлтанда өтетін жәрмеңкеге ШҚО-дан 300 тоннаға жуық азық-түлік жеткізіледі

26-27 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында Шығыс Қазақстан облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке демалыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ұйымдастырылады.
Бекітілген схемаға сәйкес әр аудан мен қалаға бөлінген сауда учаскелерінде сауда орындары мен үстелдер бөлінеді.
Шығыс Қазақстан облысынан жәрмеңкеге 15 аудан, 2 қала қатысады.
Жәрмеңкеде өңдеу кәсіпорындары мен шаруа қожалықтары 15-тен астам сапалы өнім түрін келушілерге ұсынады.
Жәрмеңке аясында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына 150 тонна картоп, 45 тонна бал, 40 тонна жылқы еті, 15 тонна сүт өнімдері, 10 тонна өсімдік майы, 8 тонна қымыз және ұлттық өнімдер, 5 тонна балық,  2,5 тонна шұжық өнімдері,1,5 тонна жарма және 20 басқа өнімдер ұсынылады
Жалпы, Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 224,7 млн.теңге сомаға 297 тонна көлемінде ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін апаруды жоспарлап отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *