ШҚО, Жарма ауданындағы елді мекендерде 20-дан астам жаңа тұрғын үй салынады

Жарма ауданында тұратын отбасылар жақын арада жаңа тұрғын үйлерге қол жеткізе алады.

Баспасөз мәслихаты барысында Жарма ауданы әкімінің орынбасары Айдар Ибраев Шар қаласында екі пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қалбатау ауылында екі пәтерлі 19 тұрғын үй салынуда. Оған облыстық бюджет есебінен қаражат қарастырылған. Бұл тұрғын үйлер көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға беріледі.

Бұдан бөлек, Шар қаласынан баспана сатып алу үшін 10 көпбалалы және аз қамтылған отбасыға аудандық бюджет есебінен 25 миллион теңге бөлінген.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Жарма ауданындағы жеке ғимарат салушылар 3 мың 805 шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *