Ағымдағы жыл соңына дейін ШҚО-дағы Жарма ауданының тұрғындары 96% таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Жыл қортындысы бойынша Жарма ауданындағы 50 елді мекеннің 48-і сапалы ауыз сумен қамтылады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Жарма ауданы әкімінің орынбасары Айдар Ибраев «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Аршалы, Кіші Қарасу, Қапай батыр ауылдарына су құбырларын тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оған 835 млн.теңге бөлінген. Су құбырлары торабының жалпы ұзындығы 31 шақырымды құрайды.

Қапай батыр мен Аршалы ауылдарында атқарылып жатқан осы бағыттағы жұмыстар ағымдағы жыл соңына дейін аяқталады.

Бұдан бөлек, облыстық және аудандық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен  Қапанбұлақ, Кеңтарлау, Қоңырбиік, Балықтыкөл ауылдарына блоктық-модульлік стансалар салынуда.

Жыл қортындысы бойынша аудан тұрғындарының 96% таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *