ШҚО Алтай ауданында жыл соңына дейін 14 үй пайдалануға беріледі

Баспасөз конференциясы барысында Алтай ауданының әкімі Қалихан Байғонысов тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталып өтті.

Әлеуметтік осал санаттағы алпыс отбасы жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде көп балалы отбасылар үшін 27 пәтер сатып алынды. Сонымен қатар, екі көпбалалы отбасы Серебрянск қаласы мен Жаңа Бұқтырма кентінде тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

1 қазандағы жағдай бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде 1164 адам тұр, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан-945 адам, оның ішінде 27 – сі көпбалалы отбасылар.

Қазіргі уақытта жеке құрылыс салушылар есебінен Алтай қаласында жаңа 14 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Аудан әкімінің айтуынша, аталған үйлер жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Сондай-ақ, ауданда тағы бір 60 пәтерлі үйдің құрылысы жоспарлануда. Бұдан басқа, Алтай қаласында екі үйдің (60 және 100 пәтер) және Серебрянск қаласында бір 60 пәтерлі үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *