Соңғы уақыттарда экология сұрақтарына ерекше назар аударылуда

Қоршаған ортаны сақтауға Семей орта мектебінде белсенді қатысуда. 3 орта жалпы білім беретін мектеп төрт жыл бойында экология бағыты бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Былтырғы жылдан бастап “Менің экомектебім” атты республикалық жобаға қосылды. Экология сұрақтарына мектептің белсенді қатысуы Экология және минералды ресурстар министрлігінің назарына ілікті. Бүгін, жобаның іске асырылуына тікелей қатысқан оқытушыларды алғыс хаттармен марапаттады. Ал білім ордасы “Үздік мектеп” номинациясын жүріп алды. Марапаттау рәсімі Абай атындағы кітапханада өтті. Ұстаздарға марапатты аталған бағыт бойынша мектептердің жұмысын үйлестіретін, “Центр семьи” қоғамдық қорының президенті өз қолымен табыстады. – Қазір, қуанышқа орай, экология сұрақтарына үлкен назар аударылуда. Бізде тыс қалмай 3 орта мектептің жұмысын үйлестірдік. Бұл жақсы және дұрыс шешім болды. Орта мектеп пен білім беру бөлімінің бірлесе жұмыс істеуі өз жемісін берді. Мектеп үздік танылды, біз мақтан тұтамыз, келешекте осы бағыт бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Мен ойлаймын, бұл қаладағы басқа білім беретін мекемелерге осы бастауды қолдауға жақсы үлгі. Жобаның мәні – біздің қаламыздың экологиялық тазалығы. Біз бірінші кезекте өзімізден, ауламыздан, көшемізден бастауымыз керек. Егер, әрқайсымыз осы сұраққа дұрыс қараса біздің өміріміз жеңіл әрі қолайлы болады – дейді “Центр семьи” қорының президенті Жанна Жибраева. Мектеп басшылығы шынында қалада бірінші болып экологиялық бастауға қолдау көрсетті. Мектепте қоқысты бөлек жинауды ұйымдастырып, мектептің кіре-берісіне біреуі пластикалық бөтелкеге, екіншісі ескі, тозығы жеткен компьютерлерді және басқада техникаларды тастайтын электронды техникаларға арналған екі қоқыс жәшігін орнатты. Сонымен қатар мектепте макулатура жинайды. Өткен оқу жылында 500 келіден астам қағаз жиналды. Олардың бәрі қайта өңдеуге жолданады. Өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық тәрбиесіне ұстаздар ғана қатысып қоймай ата-аналарда қатысуда. Жоғарғы сынып оқушыларының, оқытушы құрамның және ата-аналардың күшімен төменгі сынып оқушыларына арналған табиғи материалдардан: тастан, құмнан, ағаштан және қарағай бүршігінен жасалған денсаулық жолы ұйымдастырылды. Аталған бағыт бойынша жұмысты қаланың басқа мектептерінде жалғастыру жоспарланған, себебі балаларға экологиялық тәрбиені мектеп партасынан бастап сіңіру қажет.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *