Шығыс Қазақстанда полиция қызметкерлерінің видеожетондарды қалай қолданатынын тексерді

“Шығыс – Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің өкілдері полиция қызметкерлерінің бейнеожетондарды пайдалануына мониторинг жүргізді.

“Шығыс – Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің басшысы Маржан Бахыттың айтуынша, қоғамдық мониторинг мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, әкімшілік кедергілерді жоюға, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен күресуге мүмкіндік береді.

– Видеофиксация бірінші кезекте полиция тарапынан да, жол қозғалысына қатысушылар тарапынан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында жүргізіледі. Мұндай құрылғыларды пайдалану құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Осының арқасында біз полиция қызметкерлерінің барлық іс – әрекеттерін оңай қадағалап, мониторинг жасай аламыз және орын алуы ықтимал кез келген сыбайлас жемқорлықтың жолын кесеміз, сондай-ақ даулы жағдайда полиция қызметкері немесе азаматтық тұлға жағына шыға аламыз, – деді Маржан Бақыт.

Жалпы, облыстағы жол полициясының 200-ге жуық қызметкері видеожетондар алды. Олардың кейбіреулері жаңа үлгіде. Олар барлық әрекеттерді тіркеп қана қоймай, автоматты түрде Нұр-Сұлтанның электрондық базасымен салыстырып, әрі қарай мониторинг жүргізу үшін деректерді жедел жіберуге мүмкіндік береді. Ескі бейнежетондарды 2021 жылдың басында толығымен ауыстыру жоспарланып отыр.

Деректерді жүктеу ауысымнан кейін бірден жүргізіледі. Деректер сақталады және оны 30 күн ішінде алуға болады. Бұл ретте, жаңа технологиялардың арқасында материалды толық қарап отырмай, нақты уақыт аралығындағы үзінді жазбаны алуға болатынын ескертеміз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *