Көкпекті ауданында қандай жолдар жөнделді

Көкпекті ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 868,7 шақырымды құрайды. Ауданның 50 елді мекенін байланыстыратын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 72,5% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Көкпекті ауданының әкімі Серікқазы Сәдуақасовтың айтуынша, 2025 жылға дейін жолдардың 95% жақсы және қанағаттанарлық жағдайына қол жеткізу үшін ауқымды жұмыс жүргізілуде.

Биыл өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Тассай ауылының автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізілді. Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында Преображенка — Шұғылбай ауылдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Үлкенбөкен – Көкжайық – Үлгілі-Малшы автомобиль жолының 54 шақырымына ағымдағы жөндеу жүргізілді.

– Сондай-ақ, бүгінгі таңда ұзындығы 35 км “Көкпекті-Биғаш” автомобиль жолын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада Қараөткел ауылына кіреберістің 30 шақырымы, Қойтас ауылына кіреберістің 10 шақырымы, Тассай – Үшкөмей 9 шақырымы, толағай ауылына кіреберістің 18 шақырымы, Преображенка – Үкілікіз 7 шақырымы жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз, – деді Серікқазы Сәдуақасов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *