Биылғы жылы Қазақстан халқының Ассамблеясы өзінің 25 жылдығын атап өтуде

Маңызды күнге орай бүгін Достық үйінде, этномәдени орталық белсенділеріне, Қазақстанның 100 жаңа тұлғалары жобасының жеңімпаздарына және Ассамблея еріктілеріне құрмет көрсетілді.

– Біз бүгін ширек ғасыр ішінде мемлекеттігімізді нығайтуға, ұлтаралық және конфессияаралық диалогты қамтамасыз етуге өздерінің үлестерін қосып келе жатқан тұлғаларды атап өтуге жиналдық. Қала басшылығы және жеке өз атымнан Сіздерді лайықты марапаттарыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіздер – деп қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев жиналғандар алдында сөз сөйледі.

Қазақстан халқының Ассамблеясы республикалық жобасы еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен 1995 жылғы наурызда бастау алғанын еске саламыз. Осы уақыт ішінде Қазақстан халқының Ассамблеясы этникааралық қатынастар саласындағы азаматтық институттар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара әрекет ету тиімділігін арттырумен және тәуелсіз Қазақстанда қалыптасқан қоғамның бірегей моделін жетілдірумен айналысуда. Қазақстан халқының Ассамблеясы жұмысы шеңберінде Қазақстан қалаларында Достық үйлері ашылды.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *