Семейде интернационалист-жауынгерді марапаттады

Ауғанстанда өткен оқиғалар Кеңестік мемлекет тарихында оңай сәт болмады. Әскери қызметшілер және азаматтық мамандар отанымыздан тыс жерге шығып, өмірлерін жиі қауіпке тігіп қолбасшылықпен қойылған міндеттерді абыроймен және батылдықпен орындады. Олардың бірі, абыроймен өзінің әскери міндетін орындаған және антына адал қалған сол жылдардағы оқиғаларға қатысқан Сұлтан Омаров. КСР Жоғарғы кеңесі президиумының 1989 жылғы 25 шілдедегі Жарлығымен жауынгерлік ерлігі үшін медалімен марапатталды. Бүгін қала әкімдігінде батырымызға Ресей Федерациясының Өскемен қаласындағы Бас елшілігінің, қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілдері және қала әкімі Ермак Сәлімов құрмет көрсетті. – Міне, Ауғанстаннан кеңес әскерлері шығару аяқталуынан 31 жыл өтті. Біз ерлікпен батырлық танытқан, өздерінің әскери міндеттерін абыроймен және адал атқарған барлық интернационалист-жауынгерлерге құрмет білдіреміз. Адамның соғыста танытқан батырлықтарының өлшемі жоқ. Қазіргіні бағалау, болашақты болжау үшін міндетті түрде интернационалдық міндеттерін абыроймен адал атқара білген, батырларымыз сақтай білген өткенге назар аудару керек. Нұр-Сұлтан қаласындағы Ресейлік ғылым және мәдениет орталығы атынан шын жүректен құттықтай отырып, Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт, құрмет және Қазақстанға пайдалы еңбек сіңіруіңізге тілектеспін-деп Өскемен қаласындағы Ресей Федерациясы Бас елшілігінің вице-елшісі Николай Тищенко Сұлтан Боранбайұлына жылы лебізін білдірді. Кездесуде сонымен қатар өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесіндегі жауынгер-ауғандықтардың рөлі де атап өтілді. Бүгінгі таңда Ауғаныстандағы әскери іс-шараларға қатысқан тұлғалар қазіргі қоғамның пайдасы үшін белсенді жұмыстар жүргізуде. Бірлескен бірқатар ұйымдар және бұрынғы кеңестік республикалардағы ауған жауынгерлерінің бауырластығы Қазақстан және Ресейдің қоғамдық өмірінде маңызды рөлдер атқаруда. Олар мүгедектерге және соғыста қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына көмек көрсетуде. Олардың жастармен жұмыс жүргізулеріне ерекше назар аудару қажет, жауынгер-ауғандықтар жинақтаған даналықтарын, тәжірибелері мен мінездерін бере отырып олардың бойында рухтық біртектілікті қалыптастыруда және осылайша ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуде.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *