ШҚО-да ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай оқушылар арасында Бірыңғай диктант күні өтті

Аталған интерактивті шараға биыл 8 сынып оқушылары алғаш рет қатысып отыр.

Шығыс Қазақстанда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру асында 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңмен енгізу, сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін оқыту стандарттарын жаңарту шеңберінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған «Бірыңғай диктант күні» өтті. Жобаны Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы әзірледі.

Диктант жазуға облыстың 336 мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты. Балаларға үш тілде аудиожазбаларды тыңдау арқылы тест тапсырмаларына дұрыс жауап беру қажет болды.

– Тыңдалым ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде өтті. Сондай – ақ, үш тақырып болды – “Елбасы жолы”, “Еуразия жүрегінде”, “Kazakhstan-The Land of Wonders”. Балалардың компьютерлік және оқу сауаттылығы, яғни күрделі мәтіндерді түсіну және оларды түсіндіру, белгілі бір тапсырманы орындау қабілеттілігі тексерілді. Нәтижесінде оқушылардың бойында еркіндік, ұқыптылық және нәтижелерге сыни тұрғыдан қарау дағдылары сияқты қасиеттер дамымақ. Осының барлығы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың негізгі индикаторлары болып табылады. Ақпараттық сауаттылық балалардың мәтінді ақпаратпен жұмыс істей білуін қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді, – деп хабарлады өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығында.

Облыстың сегізінші сынып оқушылары жақсы нәтижелер көрсетті, функционалдық сауаттылық бойынша білім сапасы 88% – ды, ақпараттық сауаттылық бойынша 92% – ды құрады.

Айта кетейік, жоба 2017 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Мұндай диктанттар Қазақстан Республикасының атаулы күндеріне арналған күнтізбелік іс-шаралар қарсаңында өткізіледі. Бүгінгі таңда 50 интерактивті диктант өткізіліп, оған 48 мыңнан астам оқушы қатысты. Сонымен қатар, жалпы білім беретін пәндер бойынша 12,5 мыңнан астам оқушыны қамтитын 80 тестілеу өтті.

Бұл ретте, ведомствода атап өткендей, қашықтықтан оқыту кезінде жобаны пайдаланудың негізгі артықшылығы оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу ғана емес, сонымен қатар материалды өз бетінше зерттеу және білімді тексеру үшін платформа құру мүмкіндігі болып табылады. Нәтижені диктант немесе пәндік тесттен кейін бірден білуге болады. Арнайы бағдарлама қателіктер жіберілген бағалар мен тақырыптарды ғана емес, сонымен қатар әр оқушыға жеке ұсыныстар мен тапсырмалар береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *