Семейде арнайы кітапхана оқырмандары үшін Абай Құнанбайұлы кітаптарының тұсаукесері өтті

Биылғы жылы әлемдік қауымдастық Абайдың 175 жылдығын атап өтуде. Арнайы кітапхананың оқу залында көздері көрмейтін және көздері нашар көретін азаматтар үшін Абай Құнанбайұлы кітаптарының үш форматтағы, Брайльдің рельефті-нүктелі шрифті, ұлғайтылған шрифте тегіс басылымдағы және CD-дискідегі дыбысты форматтағы онлайн тұсаукесері өтті.

Жақында қала басшылығының қолдауымен кітапхана үшін “Duxbery” арнайы бағдарламасы сатып алынған. Әдетте орыс тіліндегі брайльдік әдебиеттерді кітапхана Ресейден алады, бірақ бүгінгі күнге дейін осыған ұқсас басылымдардың қазақ тіліндегі нұсқасы жоқ. Енді бағдарлама арқасында кітапханада Брайль жүйесі бойынша мемлекеттіка тілдегі өздерінің кітаптарын шығару мүмкіндігі бар.

– Бұл кітаптар оқырмандардың өздерінің сүйікті кітаптарын өз бетінше оқуларына мүмкіндік береді. Бүгін қала басшылығының қатысуымен Абай Құнанбайұлының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі «Поэма» кітабының және И.Крыловтың Абай аударған «Мысалдар» ертегілерінің үш форматтағы онлайн тұсаукесері өтті. Кітаптар, қала басшылығының осы кітапхана үшін алған арнайы бағдарлама арқасында шығарылды. Енді кітапханада өздері кітап шығаратын мүмкіндіктері бар – дейді қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Назерке Аккожина.

Оқырмандардың өздері де өз қуаныштарын жасырмайды. Енді міне, қажетті кітаппен танысу үшін біреулерден оны оқып беруді сұраудың қажеті жоқ.

– Бұрын Брайль жүйесі бойынша қазақ тілінде шығарылған Абай кітаптарын оқу мүмкіндігі болған жоқ. Бізге оны аудиоформатта дыңдауға тура келген және олардың көбінің сапасы өте нашар болды. Енді біз оларды оқи аламыз, қуантатын жаңалық – дейді кітапхананың тұрақты оқырмандарының бірі Клара Кусаинова.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *