Мониторингтік топтар күндіз-түні рейд шараларын өткізіп жатыр

ШҚО-да мониторингтік топтар сауда және қызмет көрсету нысандарында санитарлық талаптардың сақталуын тексеру бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мониторингтің мақсаты – тұрғындарға коронавирус инфекциясының таралу қауіпі сейілмегенін, ал нұсқауларды орындамау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын ескерту.

Облыс орталығында 30 қараша күні мониторингтік іс-шаралардың барысында 143 нысан қамтылды, шектеу режтимін бұзудың 10 фактісі тіркелді. Сондай-ақ бұған дейін анықталған бұзушылықтар бойынша айыппұлдар салынып отыр: “Макс”,”ВазДеталь”,”Автозапчасти”,”Zeta” (2) дүкендерінде, “ДосНар”(2) базары мен “ФВМ” дәріханасында. Жалпы сомасы – 333 360 теңге.

Шемонаиха ауданында 24 нысан қамтылып, 1 ереже бұзу фактісі тіркелді. Қоғамдық орында маскасыз жүрген Е.П.Комиссарова есімді азаматшаға 41 670 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Алтай ауданында рейд барысында санитарлық режимді бұзу бойынша 1 факті анықталды. Алтай қаласындағы нан-тоқаш өнімдері дүкенінде А. Мудаева сатып алушыларға қолғапсыз қызмет көрсеткен.

Семей қаласында шектеу режимін бұзудың 1 фактісі тіркелді. №28 қоғамдық көлікте маска ыз жүрген қала тұрғынына 41 670 теңге айыппұл салынды.

Үржар ауданы бойынша 3 санитарлық талаптарды бұзу жағдайы тіркелді. Үржар ауылындағы «Сельмаг» дүкенінде маскасыз жүрген жеке тұлғаға 41 670 теңге көлемінде, «SETRA» маркалы автобусымен маскасыз жолаушы тасымалдаған жеке кәсіпкерге 319 470 теңге көлемінде және Егінсу ауылындағы «1-май» дүкенінде маскасыз жүрген жеке тұлғаға 41 670 теңге көлемінде айыппұл салынып отыр.

Абай ауданында С.М. Имахан есімді азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл – 41 670 теңге.

Глубокое ауданында 18 рейд өтіп, 101 нысан қамтылды. Елді мекен ішінде маскалық режимді бұзған С.В. Некрытов есімді азаматқа айыппұл салынды. Жалпы сомасы – 83 340 теңге.

Риддер қаласында 5 рейд жүргізілді, оның барысында мониторингтік топ 73 объектіні аралады. Жалпы сомасы 361 140 теңге болатын 2 айыппұл салынды: «Надежда» дүкенінде келушілерге ЖҚҚ-сыз (қолғапсыз) қызмет көрсетілген, «Белочка» дүкені дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілмеген, жұмысқа шығу белгісі бар персоналды мониторингілеу журналы және әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін таңбалар болмаған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *