Санитарлық нормаларды бұзу азайып келеді

Шығыс-Қазақстан облысының аумағында мониторингтік топтар жұмысын жалғастыруда.

Осы бағытта күнделікті жүргізілетін мониторингтік жұмыс тиімді нәтижелер көрсетіп жатыр – облыстың аудандары мен қалаларында өткен кезекті рейд барысында айтарлықтай ереже бұзу фактілері тіркелмеді.

Глубокое ауданында 1 желтоқсан күні 101 нысан тексеріліп, 1 ереже бұзу фактісі тіркелді. Г.М. Каримова есімді азаматшаның қолданылған жеке қорғаныс заттарын жинау мен сақтау ережелерін бұзғаны анықталды. Салынған айыппұл сомасы – 41 670 теңге.

Жарма ауданының Қалбатау ауылындағы “Еркетай” дүкенінің иесі Б.Малғаждароваға қатысты бұрын анықталған ереже бұзу фактісі бойынша 319 470 теңге мөлшерінде 1 айыппұл салынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *