Семейде балалар мен жастардың шығармашылық сарайында күрделі жөндеу жұмысы жалғасуда

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қалалық Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының жүзу бассейнінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттың шатыры мен желдету жүйесі де ауыстырылды. Жөндеу жұмысына 237 млн теңге бөлінді. Мердігер мекеме – «ДОРРЕМСЛУЖБА-2» ЖШС.

– «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша «ДОРРЕМСЛУЖБА-2» ЖШС Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының жүзу бассейніне күрделі жөндеу жүргізуде. Бүгінгі күні еден плиталары, шатыры ауыстырылды, бағаналар мен сыртқы қабырғалары күшейтілді. Бассейннің барлық орын-жайларына жөндеу жүргізілді. Суды тазарту, желдету, жарықтандыру, су құбырлар, канализация жүйесі толықтай ауыстырылды. Қазіргі уақытта жоба аяқталу алдында – дейді «ДОРРЕМСЛУЖБА-2» ЖШС бас инженері Рымтай Сағындықов.

Жөндеу жұмыстары сәуір айында басталған, бүгінгі күні жұмыс 90% аяқталды. Нысан желтоқсан айының соңында пайдалануға беріледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *