15 ақпанда Алтай ауданының орталық аудандық ауруханасында ангиографтың жұмысы іске қосылды.

Науқастарға арналған скальпельсіз операцияларды дәрігер- интервент Дамир Маратұлы Жүнишанов жүргізеді. Интервенциялық немесе эндоваскулярлық хирургия – бұл рентгендік эндоваскулярлық әдісті қолдана отырып, «скальпельсіз» араласудың заманауи түрі, яғни зақымдалған мүшеге қол жеткізу тамырлар арқылы жүзеге асырылады.Орындалған манипуляцияларды визуалды бақылау аудандық ауруханада болатын жоғары технологиялық ангиографиялық жабдықпен қамтамасыз етілген. Енді науқастарға облыс орталығына барудың қажеті жоқ, көптеген операциялар ауданда жасалады. Операциялардың біріне жергілікті БАҚ журналистері қатысты.

– Кез-келген инфаркт, егер осылай емделмесе, сөзсіз жүрек бұлшықетінің некрозына және өлімге әкеледі. Қазір бізде стенокардиямен ауыратын 61 жастағы науқас емделуде. Бұл әдіс оның ишемиясы бар-жоғын, бұындарының жеткілікті дәрежеде жұмыс атқаратынын тексеруге, тамырлардың тарылғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Қажет болса, стент орнатылады.Мамандарды дайындау үш жылға жуық уақытты алады, бірақ біз көп күте алмаймыз, сондықтан ауданға облыс орталығынан арнайы дәрігер-интервентті шақырдық. Наурыз айынан бастап біз бүкіл жылдық көлемді толығымен қамтуды жоспарлап отырмыз. Мұндай операциялардың қажеттілігі өте зор, қазір біз тек Алтай тұрғындары үшін операциялар жүргізіп жатырмыз. Бірақ жақын арада ангиограф толық қуатта жұмыс істей бастайды деп сенемін, – деп түсіндірді аудандық аурухананың бас дәрігері О.Нұркенов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *