Семейде КВИ-ға қарсы вакциналау жалғасуда

Бүгінгі күні Семей қаласындағы аралас үлгідегі № 6 емханада наурыз айының басынан бастап вакцинаның бірінші компонентімен 11 633 адам, екінші компонентімен – 8 805 адам вакцинацияланған. Бұл туралы онлайн-брифингте емхананың дәрігер-эпидемиологы Аяулым Аукенова мәлімдеді.

–          Қазіргі уақытта екі вакцина бар – «Спутник V» және «QazVac». Сонымен қатар «HayatVax», «Vero Cell», «Corona Vac» және «QazVac» вакциналарының екінші компоненттері бар. Біз 18 жастан асқандарға екпе қоямыз. Вакцина алуға ерікті түрде 65 жастан асқан адамдар жиі келеді. Вакцинациялау ерікті түрде. Ол ұжымдық иммунитетті қалыптастырады. Сонымен қатар, вакцинацияланған адам өзін короновирустың күрделі түрінен қорғайды, – деді Аяулым Аукенова.

Қалада сонымен қатар жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда алдын ала емханаға хабарласып, вакцинаны үйде алуға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *