ШҚО-да 713 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын аяқтады

Қазіргі уақытта аймақта COVID-19 қарсы вакцинаның үш түрі бар – Спутник V, QazVac, Sinopharm.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1 ақпаннан бастап аймаққа коронавирусқа қарсы вакциналардың 1,7 миллионға жуық дозасы, оның ішінде бірінші компоненттің 868 мың дозасы, екінші компоненттің 831 мың дозасы жеткізілді. Қазіргі уақытта облыстың егу пункттерінде бірінші компоненттің 28 мың дозасы, екінші компоненттің шамамен 118 мың дозасы бар. Бүгінгі таңда 840 мың адам вакцинаның бірінші компонентін қабылдады, атап айтқанда, 713 мың адам екінші компонентті алып, вакцина алуды толығымен аяқтады. Бұған дейін облыстың 747 мың тұрғынын коронавирусқа қарсы егу жоспарланған болатын. Осылайша, аймақта вакцинация 95 пайызға аяқталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *