Семейде жер асты өткелдеріне жөндеу жүргізілуде

Қазіргі уақытта қалада 8 жер асты өткелі бар, олардың 4-не ағымдағы жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі уақытта 4 жер асты өткелдеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олар: Қабанбай батыр, Достоевский, Мұхамедханов және Өскемен көшелерінде орналасқан. Жұмысты ай соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Жалпы алғанды жер асты өткелдерін жөндеуге биылғы жылы жергілікті бюджеттен 16 млн теңге бөлінді.

–  Әуезов, Шәкәрім даңғылдарындағы және Народная көшесіндегі жер асты өткелдеріне ағымды жөндеу жұмыстары, яғни әрлеу және плиткалар төсеу жүргізілді. Қабанбай батыр көшесіндегі (Базар ауданы) жер асты өткелінде жарықтандыру қалпына келтірілді. Жаңа мемлекеттік сатып алу конкурсымен Достоевский және Қабанбай батыр (Қаржаубайұлы көшесі қиылысы) көшелеріндегі жер асты өткелдеріне жөндеу жүргізу бойынша жеңімпаз анықталды. Мердігер мемлекеттік сатып алудың техникалық спецификациясына сәйкес әрлеу, сырлау жұмыстарын жүргізеді және пандустар орнатады. Жөндеу жұмыстары аяқталу алдында, қазір шатырлары орнатылуда, – деді Семей қ. жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жасар Түсіпов.

Ағымдағы жылы Мұхамедханов көшесінде, ОӘД (ЦУМ) ауданындағы жер асты өткеліне жөндеу жүргізілген. Жолаушылар көлігіжәне автомобиль жолдары бөлімінде атап өткендей, жоғарыда аталып өтілген жер асты өткелдерінде жүргізілген жөндеулер бірқатар ескертулер бар, қазіргі уақытта мердігерлер кемшіліктерін жоюда.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *