“Атаулы әлеуметтік көмек” бағдарламасын іске асыру үшін биылғы жылы 1 708 595,0 мың теңге бөлінді

Жыл басынан бастап 2708 отбасы 715 704,0 мың теңгеге атаулы әлеуметтік көмек алды.  Отбасының жиынтық табысының артуына байланысты 401 отбасына төлемдер уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференцияда Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев мәлімдеді.

–          Былтырғы жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін азық – түлік жиынтығы және тұрмыстық химия тауарлары түріндегі кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізілген.  Бүгінгі таңда АӘК алушылар санынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі 3170 бала тұрмыстық химия және азық-түлік жиынтығын алды. “МегаТрейдПлюс” ЖШС жеткізушісі арқылы 27 мыңнан астам пакет 1953 отбасына 183 400,0 мың теңге сомасында жеткізілді. Оқу кезеңінде мектеп жасындағы 3846 бала тегін тамақпен және жеңілдікпен жол жүрумен қамтылды, – деп хабарлады Мұрат Құржықаев.

Мемлекет тарапынан халықтың неғұрлым “осал” топтарын әлеуметтік қолдау бағыттарының бірі тұрғын үй көмегі болып табылады. Тұрғын үй жәрдемақысы, егер тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу шығыстары тұрғын үй алаңының белгіленген әлеуметтік нормасы және осы қызметтерді тұтыну нормативтері шегінде Отбасы бюджетінде оның жиынтық табысының 7 пайыздық үлесінен аспаған жағдайда тағайындалады. Биылғы жылы  қала бюджетінен тұрғын үй көмегін көрсетуге 32911,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 764 отбасына 22611,0 мың теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.

–          ММ Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-11 ҚРЗ       “Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы ” Заңын орындау бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде 13850 адам мүгедектігі бойынша арнайы және мемлекеттік жәрдемақы алады. Қалада бір жарым жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиялары мен тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға үйде және жартылай стационар жағдайында қызмет көрсететін арнаулы  қызмет көрсету орталығы (АӘҚКО) бар. Бүгінгі күні орталықта 395 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі, – деп қорытындылады Мұрат Құржықаев.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *