Семейде Абай мешітіне жер үсті көпірі салынуда

Көктемде шаһарда жаңа мешіт бой көтеріп, оған Абай Құнанбайұлының есімі берілген болатын. Өткен жылы ақынның 175 жылдығын мерекелеу аясында Түркістан билігі мешіт айналасын абаттандырды. Алайда, көпір айналма жолда орналасқандықтан жаяу жүргіншілердің діни нысанға жету мүмкіндігі болмады.

Қыркүйек айының басында солтүстік жағынан жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салу қолға алынды.   Келесі жылы оңтүстік өткелін орнату жоспарлануда. Жоба сомасы 100 млн теңгені құрайды. Бүгінгі күні жұмыстардың 50% орындалды.

– Жаяу жүргіншілер өткелі айналма жолда орналасқан мешіт жобасының ажырамас бөлігі болып табылады. Осы көпірдің көмегімен жаяу жүргіншілер мешітке бара алады. Жұмыстар қыркүйек айының басынан бері жүргізілуде. Бас мердігер-“AGM-Service”ЖШС. Жобалаушы-“Семей-ОтделСтрой”ЖШС. Қазір Солтүстік жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүріп жатыр. Келесі жылы Қарқаралы көшесі жағынан тағы бір, оңтүстік өткелдің құрылысы жоспарда тұр, – дейді жоба авторы Нұрлан Жүнісов.

 Көпірдің ұзындығы-48 метр, ені-2,5 метр, биіктігі-5,5 метр. Жаяу жүргіншілер көпірінің тіректеріне алтын түсті күмбездер қойылады.  Барлық конструкциялар металдан жасалған. Өткел толық жабық, ал еденде резеңке жабын орнатылатын болады.

Мердігерлер барлық жұмыстар  30 қарашада аяқталады деп сендірді.

Семей қ. ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *