ШҚО Курчатов қаласында жастарды жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылдануда

Жастарды жұмысқа орналастыру үшін Курчатов  қаласының басшылығы кәсіпорындармен қарым-қатынас жасап, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда. Бұл туралы Курчатов қаласының әкімі Алексей Глазинский баспасөз конференциясы барысында айтты.
Оның мәліметінше, жыл басынан бері жұмысқа орналасу мақсатында 138 жас өтініш білдірген. Олардың жартысы уақытша жұмыс орындарына, ал 70 – і тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Сонымен қатар, жастар тәжірибесә бағдарламасына 13 маман қатысты. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 20 адам жіберілді.
– Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша жастарды  оқыту жүргізілді. Қаланың кәсіптік – техникалық мектебінде олар электрик, электргазбен дәнекерлеуші, сантехник, іс жүргізуші, аспаз, бала күтуші, маникюр шебері, шаштараз, 1С бухгалтері мамандықтары бойынша даярланды, – деп хабарлады Алексей Глазинский.
Тоғыз жас маман өздерінің бизнес-жобаларын іске асыруға, атап айтқанда, кілем жуу компаниясын, кейтеринг агенттігін, косметолог кабинетін, денені сауықтыру студиясын, таксопаркті, жөндеу және IT-технологиялар бойынша қызмет көрсету сервисін ашу үшін 5 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік грант алды.
Жазғы кезеңде “Жасыл Ел” бағдарламасы бойынша 112 адам жұмыс тәжірибесін алып қана қоймай, қаланы абаттандыруға өз үлесін қосты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *