Шәкәрім университетінде әнші, композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Тұрсынғазы Рахимов атындағы музыкалық залды ашуға арналған «Дариға домбырамды берші маған» атты еске алу кеші өтті

Кештің мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде оның шығармашылығын зерттеу және насихаттау.

Залдың ашылу лентасын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Монғолияның құрметті азаматы, Тұрсынғазы Қорының директоры Адай Азаматов және Тұрсынғазы Рахимовтың жесірі Фатима апай қиды.

Университетте атап өткендей, музыка залы студенттер үшін шағармашылықпен айналысуға тамаша шабыт беретін зал болады.

–           Бүгін біздің университетте қуанышты күн, бұл күні Тұрсынғазы Рахимов атындағы музыка залы ашылды. Біздің студенттер үшін шынында ерекше оқиға. Бізде музыкаға қатты құмар және шығармашылықпен айналысатын студенттер көп. Сондықтан осы залдың ашылуы оларға үлкен тірек болады. Біз осы залды кімнің есімімен атауды көп ойландық, нәтижесінде ортақ бір шешімге келіп, осы музыка залын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мадениет қайраткері, әнші, композитор Тұрсынғазы Рахимовтың есімімен атауды жөн көрдік, – деді гуманитарлық-экономикалық факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты Бақтыгүл Бодауова.

Кеш барысында студенттердің және кәсіби музыканттардың орындауда Тұрсынғазы Рахимовтың композициялары орындалды.

Тұрсынғазы Рахимов – әнші, композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Тұрсынғазы Рахимов өз кәсіби қызметін өткен ғасырдың 70-жылдары қалалық филармонияда бастады, кейіннен драмтеатрда жұмыс істеді, содан кейін музыкалық қоғамның төрағасы болды және музкалық колледжде сабақ берді. Тұрсынғазы Рахимов 100-ден астам шығарманың авторы, ең әйгілі шығармаларының бірі – «Сәби болғым келеді». Тұрсынғазы Рахимов ұзақ жылдар бойы ауырып, 2016 жылы өмірден озды. 

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *