Биылғы жылы ШҚО-да емхананы ауыстырғысы келген азаматтардың саны азайды

Жалпы тұрғындары бекіту кампаниясына 63 емхана, соның ішінде Семей қаласы бойынша 31 емхана қатысты. Бұл жағдайда емхана таңдау құқығын облыс бойынша 875 адам пайдаланса, Семей қаласы бойынша олардың саны 287 болды.  Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры Ғалымжан Әбілов мәлімдеді.

 

–          Халықтың бұрынғы емханада қаралғысы келген бөлігі, автоматты түрде сол медициналық мекемеге тіркелді. Былтырғы жылғы сияқты, бекітудің негізгі принциптері – отбасылық қызмет принципі және кезеңдік принцип. Кампания кезеңінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек (әрі қарай – АМСК) ұйымдарына бекітілген азаматтар 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап сол жерден медициналық көмек ала бастайды. Бекіту кампаниясының нәтижесі бойынша, медициналық ұйымдарға бөлінген тұрғындар санына есепке ала отырып 2022 жылға қаржыландыру жоспарланады. Ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін азаматтар бұрын бекітілген емханаларынан қызмет ала алады.

Егер кампания кезеңінде науқас емханасын ауыстырғысы келмесе, онда ол автоматты түрде, мекенжайы бойынша бұрын қызмет көрсетілген емханасында қалтырылады, – деді Ғалымжан Әбілов. 

Айта кетейік, бекіт кампаниясы –  емхана ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі емес. Кезекті тіркеу науқаны кезінде азаматтарға, егер олар қандай да бір себептермен бекітілген емханаға сәйкес келмесе, егер тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін немесе оқитын жері өзгерсе, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек (әрі қарай – АМСК)  ұйымы қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда, өз қалауы бойынша емхананы ауыстыру мүмкіндігі берілді.

–          Барлық азаматтар, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Бірақ, жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет, – деп қорытындылады Ғалымжан Әбілов.

 

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *