Британдық BBC телеарнасы Шығыс Қазақстанның туристік әлеуеті туралы видео түсіруде

        BBC арнасының түсірілім тобы Шығыс Қазақстанға келіп, мұндағы әсем табиғатты бейнероликке түсіріп жатыр. Түсірілім жұмыстары 12 тамызға дейін жалғасын таппақ.

        Шетелдік қонақтар Өскемендегі  «Халифа Алтай» мешітінде, сондай-ақ Үлбі мен Ертістің қиылысар тұсы орналасқан «Стрелка» ықшам ауданында болды. Бұдан бөлек этнографиялық саябақты тамашалап қайтты.

Британдық  BBC телеарнасы Шығыс Қазақстанның туристік әлеуеті туралы видео түсіруде

        Жоспарға сәйкес, түсірілім тобы Шығыс Қазақстандағы бірқатар аудандарға барып, видео түсіреді. Мәселен, олар Риддерде Батыс Алтай қорығы мен Линейный асуына ат басын тіреп, көркімен көз тартатын табиғатты бейнероликке түсіреді. Сонымен қатар Күршім ауданында орналасқан әйгілі Марқакөл мен Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығын көзбен көріп қайтпақ. Бұдан бөлек Қиын керіш шатқалы мен Катонқарағай ауданындағы Мұзтау тауы мен Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне барып, бейнероликтер түсіреді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *