Семейдегі мектепке дейінгі мекемелер штаттық режимде жұмыс істейді

Олардың барлығы бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Қазіргі уақытта балабақшаларға 6 мыңға жуық бала барады. Қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, бүгінде Семейде 60 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істеуде. Онда балалардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалған.

– Бүгінде мектепке дейінгі мекемелер штаттық режимде жұмыс істеуде. Біздің балабақшаға 285 бала барады. Штаттық режимде 12 топ жұмысын жалғастыруда. Тәрбиешілер мен педагогтар жұмысты жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырады. Балалардың қауіпсіздігі мақсатында балабақшада 74 бейнекамера орнатылған. Сондай-ақ, ата-аналар мен балабақшаға келушілерге ыңғайлы болу үшін бейнедомофон орнатылған. Бейнежазбалар жедел басқару орталығына беріледі. Оны білім бөлімінің өкілдері де көре алады. Жазба 90 күннен артық сақталады. Санитарлық талаптар да сақталады, – дейді №8 “Балбөбек” балабақшасының меңгерушісі Гүлнар Жұмағалиева.

Мұндай жұмыстар Семейдің басқа да мектепке дейінгі мекемелерінде жүргізілуде.

Семей қ. ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *