ШҚО бойынша автоХҚО-лары жұмысын қайта бастайды

12 қаңтардан бастап автокөлік иелеріне мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істей бастайды. Жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбі-жұма аралығында).
«Автоқызметтер – сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Қазір мамандандырылған ХҚО-лар қайта іске қосылады, біз клиенттердің онда көптеп келетінін болжап отырмыз. Сондықтан бұл жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз”,- деп хабарлады “Азаматтарға арналған үкімет” ШҚО бойынша филиалының баспасөз орталығы.
Айта кету керек, автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болады. 
Мамандандырылған ХҚО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты клиенттер санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс – әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағуы керек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *