Семейде КВИ-ға қарсы ревакцинация қарқынды жүргізілуде

Бүгінгі күні Семей қаласындағы № 1 емханада бекітілген тұрғындардың шамамен 60% ревакцинациядан өтті. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте хабарлады.

–           Әлемде короновирустың жаңа, мутацияланған «омикрон» штаммы кең таралуда. Ол басқа штаммдардан өзгеше, оның ерекшеліктері: оның инкубациялық кезеңі қысқа және жұқпалылығы өте жоғары. Орташа инкубациялық кезеңі бір күннен үш күнге дейін. Басқа штаммдарда ол жеті күннен он төрт күнге дейін. «Омикрон» штаммы басқа вирустарға қарағанда жеті есе жұқпалы және жылдам таралады. Симптомдары: жөтел, әлсіздік, мұрын бітелуі, мұрынның ағуы, дене қызуы. Вирус жастар мен балаларда да кездеседі. Дәм және иіс сезбеу сирек кездеседі. ДДҰ мәліметінше омикрон жоғарғы тыныс жолдарына әсер етеді және трахеит пен бронхит пайда болады. Сондықтан ол көбіне ЖРВИ-ға және тымауға ұқсас, – деді Семей қаласындағы № 1 емхананың дәрігер-инфекционисті Гүлнар Сахаритова.   

Айта кетейік, ревакцинация бір кезеңдік. Ол вакцинацияның толық курсын аяқтағаннан кейін алты айдан кейін жүргізіледі.

–           Ревакцинация медициналық мекемелерде жүргізіледі. Сондай-ақ мобильді бригадалар да жұмыс істейді. Ревакцинация алдында азаматтарды визуалды қараймыз, дене қызуларын өлшейміз, содан кейін ғана ол ревакцинацияға жіберіледі. Бұрын вакцинацияның толық курсын алған жүкті әйелдер де ревакцинациядан өтеді. Жүкті әйелдерге ревакцинация «Pfizer» вакцинасымен жүреді. Жалпы алғанда ревакцинация «QazVac» және «Ver Cell» вакциналарымен жүргізілуде. Бүгінгі күні біздің емханада бекітілген тұрғындардың 60-70% ревакцинациядан өтті, – деп қосымшалады жоғарыда аталған емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Арайлым Құдайбергенова.  

Брифинг соңында спикерлер қалалықтарды ревакцинациядан өтуге шақырды және бүгінгі күні ол короновирус инфекциясынан қорғанудың ең тиімді жолы екенін атап өтті.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *