Курчатов-үлкен әлеуетке ие қала

ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев жұмыс сапары барысында

 мәслихат депутаттары мен қала активіне Олег Чугунковты таныстырды.

 

Қала депутаттарымен және жұртшылығымен өткен  кездесуде Алмасхан Сматлаев  билік халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі ауадай қажет  екенін атап өтті. Қаланың жаңа басшысын таныстырғаннан кейін облыс әкімінің орынбасары Курчатовтың бірнеше нысандарын аралап көрді.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 1972 жылдан бері жас спортшыларды тәрбиелеумен танымал. Спорт мектебінде футбол, волейбол, күрес, ауыр атлетика секцияларында әр түрлі жастағы оқушылар тегін жаттығады. Алайда, өткен жылдың қараша айында пайдалануға берілген, бірақ әлі күнге дейін жұмыс істемейтін Курчатовтың “спорт клубының” бассейні үлкен алаңдаушылық тудырады. Белгілі болғандай, қалыпты жұмыс істеу үшін қаражат жеткіліксіз. Алмасхан Сматлаев аталған спорт нысанының жұмыс істеу мәселесін шұғыл түрде шешуді тапсырды.

 

Сондай-ақ, облыс әкімінің бірінші орынбасары 2021 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында басталған “Тополек” балабақшасын қайта құру барысымен танысты. Балабақшаны қалпына келтіруге бастамашы болған кәсіпкер Владимир Ли. Қазіргі таңда  мұнда жертөле мен қасбет жөнделіп, жылу және су құбыры желілері бойынша сыртқы жұмыстар жүргізілген. Сондай-ақ, шатыр толық дердік жөнделді. Мектепке дейінгі мекеменің дайындығы 62% құрайды. Дегенмен, кәсіпкер Семей немесе Өскемен қалаларынан екі есе жоғары коммуналдық қызметтердің өте жоғары тарифтеріне алаңдаулы. Облыс әкімінің бірінші орынбасары тиісті бөлім басшыларына жағдайды анықтау жөнінде тапсырма берді.

 

Сапар аясында Алмасхан Сматлаев “Курчатов қаласының көпсалалы пайдаланымдағы кәсіпорны”МКК №1 қазандығында болды. Мұнда 26,9 млн теңге сомаға қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Бүгінде қазандық 27 тұрғын үй мен жеті әкімшілік ғимаратты жылытады.

 

– Курчатов үлкен әлеуетке ие қала.  Біз оның өз мәртебесіне сай болуы үшін бар күшімізді салуымыз керек, – деді сапар соңында Алмасхан Сматлаев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *