Сәуір айынан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өсті

ӨКҚ-де өткен баспасөз конференциясында  2022 жылдың 1 сәуірге дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін алып жүрген зейнетақы төлемдерінің негігі мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап – 4 пайызға артқаны жайлы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша департаменті басшысы Серік Саятовтың, медициналық-әлеуметтік сараптама департаменті басшысының орынбасары Құралай Ибраеваның, департамент басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Марина Шаронова айтып берді. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер қайта есептелді. Ең төменгі зейнетақы мөлшері 46 302 теңгеден 48 032 теңгеге дейін өсті. Ал зейнетақыға қосымша төленетін базалық зейнетақы төлемінің мөлшері әр бір азаматтың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысушы болған кезеңіне сәйкес 20 191 теңгеден 37 389 теңгеге дейінгі аралықта арттырылды. Сәуір айының айырмашылық соммасы алдыңғы мамыр айындағы зейнетақы мен жәрдемақыларға қосылып маусым айында төленеді. Ал шілде айынан бастап қалыпты зейнетақы беріле бермек. Сондай-ақ жәрдемақы да көбейді. «Сонымен, жәрдемақылардың мөлшері, күнкөріс деңгейінің мөлшерінің өзгеруіне байланысты 2022 жылдың 1 сәуірнен бастап Мүгедектік жәрдемақылар І топқа 69 155 теңгеден — 71 787 теңгеге, ІІ топқа 55 108 теңгеден — 57 206 теңгеге, ІІІ топқа 37 459 теңгеден — 38 885 теңгеге, 7 жасқа дейінгі мүгедек баланың жәрдемақысы 50 426 теңгеден 52 345 теңгеге артты» деді  Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша департаменті басшысы Серік Саятов мырза. Сондай-ақ Мүгедектiгi   бойынша, асыраушысынан   айырылу   жағдайы   бойынша   берiлетiн  мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың,  мүгедек   балаларды   тәрбиелеп   отырған   ата-аналарға, қорғаншыларға мемлекеттік жәрдемақы, бала кезінен 1-ші топтағы мүгедектің күтімін жүзеге асыратын отбасыларға (тұлғаларға) төленетін  арнаулы мемлекеттік жәрдемақы   мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің  артуына байланысты өседі. Бала тууына байланысты  бiржолғы  төленетін  мемлекеттік жәрдемақы,бала бір жасқа толғанға дейін оның күтуміне төленетін мемлекеттік жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай  сайынғы  мемлекеттік  жәрдемақы,  «Алтын  алқа»,  «Күміс   алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана   даңқы»   ордендерімен   марапатталған   көп   балалы   аналарға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы  мөлшері   2022 жылғы 1 сәуірден бастап АЕК жаңа мөлшерін ескере отырып белгіленеді. Облыс бойынша бұл өсім жалпы есеппен  568,5 мың зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға қатысты болмақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *