ШҚО-ДА ЖАС КЕЛІНДЕР ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

Шығыс қазақстан облысы Глубокое ауданында “Аяулы жас келін” IX дәстүрлі облыстық байқауы өтті. Қатысушылар  қазақтың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын және тағамдарын білуден сайысқа түсіп,  шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін де көрсетті.
Қазақ халқында “жақсы қыз болу – бақыт, жақсы ұл болу – одан да үлкен бақыт, ал жақсы келін болу – нағыз бақыт”деген мақал бар. Бүгін Глубокое мәдениет үйінің алды кішігірім ауылға айналып, әр киіз үйдің жанында шай қайнатылып, қазанда жас келіндер бауырсақ пісіріп, жарыстың көркін қыздырды. Облыстық байқауға алғашқы рет қатысып отырған Анжелика қазақтың слт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы таңсық емес екенін жеткізді. Ол екі жыл бұрын қазақ отбсының келіні атаныпты. «Екі жыл бұрын тұрмыс құрдым. Басында бәрі таңсық болды. Уақыт өте келе көп дүниені үйрендім. Қамыр илеп, нан жайып, бауырсақ, шелпек пісіру мен үшін үйреншікті. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» атты өлеңін қазылар алқасы алдында оқып бердім. Бүгін меніғ қасымнан жан жолдасым,10 айлық қызым қолдап келіп отыр» дейді Өскемен қаласынан келген қатысушы Анжелика Шабданбекова. байқауға облыстың әр аудандарынан келген 16 келін қатысты. Байқаудың  «Жас келіннің бір күні» атты алғашқы бөлімінде келіндер бір күндік тыныс-тіршілігін көрсететін бейне ролик ұсынды. Одан кейін «ас адамның арқауы» кезеңде ұлттық тағамдардан ас әзірлеп, бүгінде ұмытылып бара жатқан ас түрлерін ұсынып, дайындалу жолдарын түсіндіріп өтті.  Интеллектуалдық сайыста қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары жайлы түрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап беріп, ал шығармашылық сайыста  өз өнерлерін ортаға салды. Бірі ән айтты, бірі би биледі, бірі мәнерлеп өлең оқыды, тағы бірі пьесадан үзінді көрсетті. Ең соңғы « ақ орамал» бөлімінде әр ұлт өкілінің қатысушысы келіннің басына байлайтын орамалдың шығу тарихы,, ерекшелігі,орамалдың тағу мәдениеті жайлы жиналған көремендермен әділ қазылар алқасына егжей-текжейлі айтып берді. Осы облыстық байқауға Үржар ауданынан келген қатысушы Айдана Тұрсынқожанова сайыстың тәрбиелік мәні зор екенін, жас келіндерге берері мол екенін жеткізді. «Келін атанып, отбасы құрғаныма 6 жыл болды. Бүгінде үш балам бар.  Қазақ қызы үшін үй шаруасы, бауырсақ пісіріп, қамыр илеу, қонақ күту таңсық емес. Мені ерте жастан бастап анам қолынан келгенше барлығын үйретті. Кейін келін атанғанымнан кейін енемде білмегінімді толықтырды.  Енді осы байқауға қатысқаным үшін оларға алғыс айтып, басқа жас келіндерге өз тәжірибеммен бөліссем деймінБарлық қатысушыларға табыс, жеңіс тілеймін»  деді Айдана Тұрсынқожанова. Аймақтағы қалалар мен аудандардан келген 16 қатысушы «үздік келін» аталмынына кімнің лайық екендігін дәлеледеді.Айта кетейік бұрымдылар арасындағы мұндай сайыс өңірде бірінші рет өткізіліп тұрған жоқ. Биыл дәстүрлі байқау Еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр.  Сайыстың негізін қалаушы Арайлым Есімбекова ханым жыл сайын қатысушыларға қойылатын талаптар күшейтіліп, жас келіндердің өздерін жақсы қырларынан танытып келеді деген ой білдірді. «Бүгін IX дәстүрлі өтіп келе жатқан облыстық  «Аяулы жас келін” байқауы Глубокое ауданында өте жоғары деңгейде өтуде. Өңіріміздің әр жерінен келген 16 келін бақтарын сынауда. Осы жылы байқау ерекше әрі қызықты өтуінің бір себебі ШҚО-да ашылған Қазақстандағы алғашқы Достық үйінің 30 жылдығына орай  әр жылдары тек қазақ ұлтының қыздары қатысып келе жатқан байқаудың ауқымы кеңейіп, бас ұлт өкілдеріде қатысуға ниет білдіріп, өздеріңіз көргендей ерекше дайындалып келгендерін паш етуде. Демек  енді біз басқа этностардың салт-дәстүрлерімен және ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік алдық.  Бұл шара отбасылық құндылықтарды дәріптеп, қоғамдағы аналардың мәртебсінің артуына сеп болады деп ойлаймын» дейді қазылар алқасының мүшесі, “Аяулы жас келін” байқауының негізін қалаушы Арайлым Есімбекова ханым.  Осылайша қазақ келінінің ақылы мен парасаты сынға түскен байқау да өз мәресіне жетті. Қазылар алқасы үшін «мыңнан тұлпар, жүзден жүйріктерді» анықтаудың қиын болғаны рас. Нәтижесінде «Аяулы жас келін» байқауында үшінші орынды Өскемен қаласынан келген қатысушы Анжелика Шабданбекова иеленсе, екінші орын Глубокий ауданынан Ажар Төлеуқанова мен Риддерлік Ардақ Малтаеваға бұйырды. Бас жүлде Абай ауданынан келген Айдана Байтусова жеңіп алды. Байқауға қатысушылардың барлығы алғыс хаттармен, жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шығыс Қазақстанда басталған “Аяулы жас келін” байқауы жақын арада республикалық деңгейге шығару жоспарлануда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *