Семейде КВИ-ға қарсы төртінші ревакцинация басталды

Семейде короновирус инфекциясына қарсы төртінші ревакцинация басталды. Бүгінгі таңда ревакцинациядан 453 адам өтті. Жалпы, қала бойынша 37 234 адам ревакцинациялануға жатады. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Шолпан Садықова айтып берді.

–          23 мамырда Бас мемлекеттік санитарлық дәрігермен 2022 жылғы 13 қаңтардағы Қаулыға өзгерістер енгізілді. Жаңартылған Қаулыға сәйкес, КВИ-ға қарсы ревакцинациялауға барлық қазақстандықтар, сондай-ақ Қазақстан аумағында 3 ай және одан да көп уақыт тұратын шетелдік азаматтар жатады. Қайта ревакцинациялауға КВИ-ға тәуекелі жоғары адамдар – медицина қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті және персоналы, күштік құрылымның қызметкерлері, педагогтар, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің контингенті және 50 жастан асқан тұлғалар жатады. Бүгінгі күні қайта ревакцинациялау үшін облыста үш вакцина –  «QazVac», «Sinopharm» және «Pfizer» қолжетімді, – деп хабарлады Шолпан Садықова.    

Жалпы, Семейдегі эпиджағдай тұрақты. Жыл басынан бастап КВИ-дың 3937 жағдайы тіркелді. Мамыр айында қалада екі зертханалық-расталған жағдайы тіркелді.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *