Ұлттық экономика министрі Шығыс Қазақстан облысындағы Үйдене су қоймасына барды

Әлібек Қуантыров өңірге жұмыс сапары барысында Зайсан ауданында болып, Үйдене су қоймасындағы ахуалмен егжей-тегжейлі танысты. Гидроқұрылыс 1966 жылы салынған. Содан бері ол жерді суару үшін пайдаланылады. Су қоймасында 75 млн. текше метр су жиналады және 4 магистралды канал бар.

«Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалының директоры Нұржан Әміржановтың айтуынша, нысан 2018 жылдан бері апаттық жағдайда тұр. Өйткені 2016 жылы басталған қайта жаңарту жұмыстары тексеру кезінде анықталған жобалық сәйкессіздіктерге байланысты тоқтатылған.

Жобалық-сметалық құжаттаманы түзету бойынша өтінім Қаржы министрлігінің қарауында. Жобаның шекті құны 2,3 млрд теңге. Республикалық бюджеттен 1,9 млрд теңге қажет.

ҰЭМ басшысы Үйдене су қоймасының Зайсан ауданы үшін стратегиялық маңызы бар екенін және бұл мәселе Қаржы министрлігімен бірлесіп қаралатынын атап өтті. Сондай-ақ Ә.Қуантыров бұл нысан мемлекет меншігінде қалуы керек деп санайды.

Сонымен қатар, шекара маңындағы аудандарды дамыту мәселесі көтерілді.

-Бұл мәселеге Министрлік әзірлеген ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде ерекше назар аударылады, – деді министр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *