ШҚО ТЖД: “ШҚО-дағы су тасқыны жағдайы бақылауда”

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Шығыс Қазақстан облысы ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының аға инженері Аяулым Кекиева өңірдің су тасқыны жағдайы бақылауда екенін хабарлады. Су тасқыны жағдайлары ауа-райының нашарлауымен байланысты болады.

“10 наурыздағы жағдай бойынша Қазгидромет филиалының деректеріне сәйкес облыстың 6 ауданында топырақтың қату тереңдігі 50 см-ден асады. Аймақтың қалған бөлігінде топырақтың қату тереңдігі 16-дан 48 см-ге дейін. Сонымен қатар, ШҚО-да тасқын және еріген су басуы ықтимал 71 елді мекен анықталды. Су тасқынына қарсы өткізілген іс – шараларды ескере отырып, 15 елді мекенде – қауіп жойылды, 46-да – азайтылды, 10-да – алынбады, алайда оларда су тасқыны жағдайларының туындауы ауа райы нашарлаған жағдайда ғана мүмкін болады”, – деді Аяулым Кекиева.

Сондай-ақ, ол су тасқыны кезеңіне дайындық аясында облыс әкімінің “2023 жылдың көктемгі кезеңіне арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары” қаулысымен әзірленгенін және бекітілгенін айтты.

“Барлық аудандар мен қалаларда жергілікті атқарушы органдар, жол қызметтері қар шығару, арықтар мен каналдарды, су өткізу құбырларын тазарту жұмыстарын жүргізуде. 2023 жылғы 13 наурыздағы жағдай бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктері Республикалық маңызы бар жолдардың теңгерім ұстаушысы арықтар мен каналдарды, су өткізу құбырлары мен көпірлерді тазалау жұмыстарын аяқтады. Облыстық жолдар бойынша жұмыстар аяқталуға жақын”, – деп атап өтті спикер.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы Жол картасы жобасы аясында жалпы сомасы 55 млн. 900 мың теңгеге 5 іс-шара іске асырылатын болады.

“Алтай, Катонқарағай, Күршім, Шемонаиха аудандарында мұз кептелістерін болдырмау мақсатында Бұқтырма, Күршім, Уба өзендерінде мұзды ұсақтау бойынша профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілді”, – деп түсіндірді А. Кекиева.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 10 наурызда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаевтың төрағалығымен ШҚО ТЖД қызметкерлері, тиісті ұйымдардың мамандары қатысуымен Риддер қаласы, Алтай және Самар ауданы, Катонқарағай, Күршім және Глубокое аудандарының су тасқыны қаупі бар жерлеріне аэровизуалды тексеру жүргізілді. Аэровизуалды тексеру кезінде Күршім ауданының Жазық аумағында Самара және Ұлан аудандарында қар 60-70% – ға, 20-40% – ға түскені анықталды. Қалған аумақтарда қар еруінің белсенді кезеңі жүріп жатыр.

“Жағдай қиындаған жағдайда 1 719 адамнан тұратын ЖАО күштері мен құралдары, азаматтық қорғау қызметтері құралымдарының тобы, 756 бірлік техника, 83 бірлік жүзу құралдары және 224 мотопомпалар құрылды. Өңірде су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда жалпы сыйымдылығы 14 мың 530 адамды құрайтын 121 халықты уақытша орналастыру пункті анықталды. Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда”, – деп қорытындылады ШҚО ТЖД ТЖБ аға инженері.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *